ИИмен сайт жасау курсы

Дизайнер апталап жасайтын сайтты 15 минутта Claude-пен өзіңіз жасаңыз

Код білмей, Tilda-да. Дайын формалары бар, өтінімдері Google Sheets пен amoCRM-ге түсетін сайт.

VSL видео осы жерде болады
Ақшаны үнемдеу

Дизайнерге 15 000 ₸ бір блок × 8 блок = 120 000 ₸ бір лендингке.
Гипотезаға 5 лендинг керек болса — 600 000 ₸.

Claude-пен сайттағы
5 мүмкіндік

  1. 01

    Референс бойынша күрделі дизайн

    Ұнаған сайттың сілтемесін, фотоңды және бір сөйлем бересің. Claude референсті өзі ашып зерттейді де, Tilda-да блоктарды бір-бірлеп жинайды.

  2. 02

    Мобильді нұсқа

    Телефондағы нұсқасын Claude өзі түзетеді: жарнамадан келген адамдардың көбі сонда жүреді.

  3. 03

    Форма → Google Sheets

    Өтінім формасы қосылады, адамдардың дерегі бірден кестеге түседі.

  4. 04

    amoCRM-ге қосу

    Өтінімдер сату воронкасына түседі. Бұрын мұны бағдарламашыға тапсыратынбыз.

  5. 05

    Сатуға итермелейтін триггерлер

    Таймер, дедлайн, асықтыру: сайтқа кірген адамды сатып алуға итермелейтін элементтерді қосасың.

Бұл үшін үш-ақ нәрсе керек

  1. 1

    Claude Pro жазылымы

    $20/ай. Сайтты Claude жинайды, кодты да ол жазады.

  2. 2

    Tilda аккаунты

    Tilda Personal тарифі. Claude-қа MCP арқылы қалай қосуды сабақта қадам-қадаммен көрсетемін. Mac немесе Windows жетеді.

  3. 3

    Ұнаған сайттың сілтемесі

    Референс, фотоң және бір сөйлем. Тапсырманы қарапайым тілмен жазасың.

Мысал тапсырма

Tilda-да осы сайтты қайталап жаса. Менің фотомды қой, өтінім формасын Google Sheets пен amoCRM-ге қос.

Claude референсті ашып жатыр… 8 блок дайын

Алғашқы сайтқа көбірек уақыт кетуі мүмкін. Бірақ жүйені бір рет құрсаң, келесі лендингтер 10–15 минутта дайын болады.

Курс кімге арналған

Курсты алу

Маркетолог пен таргетолог

Запуск кешікпейді, гипотеза сол күні тестіленеді

Клиентке сайтты қосымша қызмет ретінде ұсынып, чекті айына кемінде 50 000 ₸-ге арттыруға болады.

SMM-маман пен дизайнер

Жаңа қызмет пайда болады

Клиентке контенттен бөлек сайт та жасап бересің.

Кәсіпкер пен эксперт

Подрядчикке жалынбайсың

Тауарыңа немесе қызметіңе сайтты өзің жасайсың.

Дизайнердің бір блогынан арзан — өзің үйрен

  • Tilda мен Claude-ты орнату, MCP арқылы байланыстыру4 900 ₸
  • Референс бойынша күрделі дизайн, мобильді нұсқа, форма → Google Sheets → amoCRM19 900 ₸
  • Конверсия триггерлері: таймер, дедлайн, асықтыру49 000 ₸
Жалпы құны73 800 ₸
9 900 ₸бір реттік төлем
Осы баға сақталады04:00
  • Mini App-та мәңгілік доступ
  • Әр сабақта таймкодтар
  • Жаңартулар тегін
  • Пайда бермесе — 100% қайтарамын

Екі төлем бөлек. 9 900 ₸ — курстың, яғни білімнің бағасы, оны бір рет төлейсің. Claude Pro ($20/ай) мен Tilda тарифін өзің төлейсің, олар курс бағасына кірмейді.

Курсты алу — 9 900 ₸

Жиі сұрақтар

Код білмеймін, түсінемін бе?

Иә. Кодты Claude жазады, сен тек не керегін қарапайым тілмен айтасың.

Қандай тариф керек?

Claude Pro ($20/ай) және Tilda Personal. Екеуін де қалай қосуды сабақта көрсетемін. Олар курс бағасына кірмейді.

Windows-та жұмыс істей ме?

Иә. Mac пен Windows-тың айырмашылықтары сабақта айтылған.

Claude бәрін бір батырмамен жасай ма?

Жоқ. Сен тапсырма бересің, Claude жасайды, ұнамаса сол жерде өзгерттіресің. Сабақтағы сайт шамамен 10–15 минутта жасалады.

Курсқа қалай кіремін?

Төлегеннен кейін Telegram бот сілтеме береді, сабақтар Mini App-та ашылады. Доступ мәңгілік.

Ақшаны қайтару бар ма?

Иә. Курс пайда бермесе, t.me/maksatshalabay жаз, ақшаңды 100% қайтарамын.

Курсты алу — 9 900 ₸
Made on
Tilda