Курс қай форматта өтеді?
Онлайн сабақтар және офлайн кездесулер. Аптасына 2 лекция (90 минуттан) және 1 практикалық сессия (60 минут). Жазбалар сақталады.
Аптасына қанша уақыт керек?
Сабақтарға шамамен 4 сағат және тапсырмаға 2–4 сағат. Әр тапсырма өз жобаңа арналған, сондықтан бұл уақыт жұмысыңа да жұмсалады.
Өз жобам жоқ болса ше?
Онда саған ортақ оқу кейсі беріледі және барлық тапсырманы сол кейс бойынша орындайсың.
Тәжірибем аз, түсінемін бе?
Курс негізден басталады: маркетинг жүйесі, клиентті зерттеу, оффер. Бірақ тапсырмаларды орындауға дайын болу керек, тек көру жеткіліксіз.
Нәтижеге кепілдік бар ма?
Табысқа кепілдік бермейміз: нәтиже сенің жобаңа және жұмысыңа байланысты. Кепілдік беретініміз — курс соңында қолыңда 90 күндік жоспар мен 10 дайын құжат болады.
Қай тарифті таңдауым керек?
Тегін 30 минуттық диагностикада бірге анықтаймыз: қай сегменттесің, қандай фундамент бар, қандай форматта оқыған тиімді.