«Claude монтаж» серіктестік бағдарламасы

Курсты ұсынып, әр сатылымнан 2 000 ₸ табыңыз

Threads-те, стористе немесе таныстарыңызға курсты ұсынасыз. Промокодыңызбен сатып алған адам 2 000 ₸ жеңілдік алады, ал сізге 2 000 ₸ бонус түседі. Жиналған бонус күн соңында Kaspi-ге аударылады.

  1. 1Ботта тіркелесіз
  2. 2Промокод, сайт және дайын видеолар аласыз
  3. 3Әр сатылым сайын +2 000 ₸
Серіктес болу

Тіркелу тегін, 1 минут алады. Курсты өзіңіз сатып алуыңыз міндетті емес.

Қалай жұмыс істейтінін қарау ↓

Курс Claude-пен 5 түрлі монтажды үйретеді

Reels монтажы

Шикі видеодағы артық паузалар мен қайталанған сөздер қиылады. Хук, сөзге сәйкес субтитр және үлкен мәтін қосылады. Қарапайым түсірілім жариялауға дайын контентке айналады.

YouTube монтажы

Ұзын видеоға сөзбен бірге шығатын логотип, сан және анимация қосылады. Таймкод пен сипаттама дайындалады. Бір видеодан бірнеше қысқа Reels шығады.

Таргет креативтері

Бір видеоға бірнеше хук, оффер және CTA жасалады. Комбинациясынан ондаған дайын креатив шығады. Монтажерді күтпей, гипотезаны бірден тестілеуге болады.

Қолмен сурет салатын видео

Ақ бетте қол суретті сызып шығады, артында адамның өз дауысы. Кітап шолуына, сабаққа, күрделі ойды түсіндіруге жарайды. Камера алдына шығудың қажеті жоқ.

Карта анимациясы

Маршрут, тарихи жорық немесе бизнестің кеңеюі картада қозғалып көрсетіледі. After Effects меңгерудің қажеті жоқ.

Курс бағасы 9 900 ₸ 7 900 ₸ сіздің промокодыңызбен

Серіктес болу

Курс қандай мәселені шешеді?

Көп адам монтажерге айына 200 000 ₸ төлейді немесе видеоны мүлде шығармайды: монтаж бағдарламалары күрделі, монтажер босамайды, тренд суып кетеді.

«Claude монтаж» курсы видеоны Claude арқылы өзіңіз жасауды үйретеді. Күрделі бағдарлама меңгерудің қажеті жоқ. Сондықтан оны ұсыну оңай: бағасы бір Reels монтажынан арзан.

Курс сайтын ашып көру ↗

Курс бағасы

9 900 ₸ 7 900 ₸

сіздің промокодыңызбен

Сатып алушыға−2 000 ₸
Сізге+2 000 ₸

10 сатылым = 20 000 ₸, 50 сатылым = 100 000 ₸

Кімге ұсыну керек

Кәсіпкер

Монтажерді күтпей, жарнама мен Reels-ті өзі шығарғысы келеді

Маркетолог

Тренд суымай тұрып видео шығарғысы келеді

Таргетолог

Бір видеодан ондаған креатив жасап, гипотезаны тез тестілегісі келеді

Видеограф

Шаблон видеоны тез жасап, клиентке карта мен анимация ұсынғысы келеді

Тіркелу 3 қадам

Бәрі Telegram ботта өтеді. Төмендегі суреттер боттың нақты хабарларын көрсетеді.

  1. 1

    Ботты ашыңыз

    Батырманы басып, ботта Start басыңыз. Бот аты-жөніңізді сұрайды.

  2. 2

    Kaspi нөміріңізді жіберіңіз

    Бонус осы нөмірге аударылады. Өтінішіңізді біз қарап, бекітеміз.

  3. 3

    Промокод пен видеолар келеді

    Бекітілген соң бот жеке промокод, сайт сілтемесін және пиарға дайын 5 видео жібереді.

Ботты ашып тіркелу

Бонус қалай түседі?

  1. 1

    Сілтемеңізді таратасыз

    Threads, сторис, чаттар. Сілтеме болмаса, промокодтың өзін жазсаңыз да болады.

  2. 2

    Адам курсты 7 900 ₸-ге алады

    Сілтемемен кірсе, код өзі қойылады. Болмаса, сайтта кодты өзі енгізеді.

  3. 3

    Ботқа бірден хабар келеді

    +2 000 ₸ және жаңа балансыңыз.

  4. 4

    Күн соңында Kaspi-ге аударым

    Жиналған бонус тіркелген Kaspi нөміріңізге түседі, бот хабарлайды.

Сатылым сайын және аударымнан кейін келетін хабар
Статистикаңыз кез келген уақытта: ботқа /ugc жазыңыз

Білу керек

  • Сатылым саны шектеусіз: қанша адам алса, сонша бонус.
  • Өз промокодыңызбен өзіңіз сатып алсаңыз, жеңілдік пен бонус берілмейді.
  • Клиент төлемін қайтарып алса, сол сатылымның бонусы балансыңыздан алынады.
  • Сатылым тек сіздің сілтемеңіз бен кодыңыз арқылы саналады, сондықтан адамдарға өз сілтемеңізді беріңіз.

Қалай пиар жасайсыз?

Threads

Монтаж, ИИ мен Reels туралы тредтерде пікір жазып, сілтемеңізді қалдырыңыз. Өз тредіңізді де бастауға болады: Claude-пен не жасадыңыз, қанша уақыт үнемдедіңіз.

Сторис пен пост

Боттан келген дайын видеоларды сілтемеңізбен жүктеңіз. Карта, қолмен сурет, Reels: бәрі Claude арқылы жасалған.

Таныстар мен чаттар

Кәсіпкер, маркетолог, таргетолог, видеограф таныстарыңызға жеке жазыңыз. Оларға 2 000 ₸ жеңілдік те пайдалы.

Сұрақтар

Курсты өзім сатып алуым керек пе?

Жоқ, тіркелу тегін. Бірақ курсты өзіңіз көрсеңіз, оны ұсыну да оңайырақ болады.

Бонус қашан түседі?

Күн соңында жиналған бонус тіркелген Kaspi нөміріңізге аударылады. Аударылғаны туралы бот хабарлайды.

Промокод қашан келеді?

Өтінішіңіз бекітілген соң. Оған дейін код жоқ, бот жібергенше күтіңіз.

Сілтемем немесе видеолар жоғалса қайтемін?

Ботқа /ugc жазыңыз: промокод, сайт сілтемесі және статистика қайта шығады. Видеоларды қайта алу: /videos.

Бірінші сатылым бүгін-ақ болуы мүмкін

Серіктес болу
Made on
Tilda